Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қазақ аруы-2016»: Бақыт деген – өзің алаңдайтын адамның болуы (фото)

Астана қаласында “Қазақ аруы-2016” байқауы өткізіліп, 19 жастағы Әлмира Ахатова жеңімпаз атанды. Көп адам жеңімпаздың атыраулық ару екенін ғана біледі. Өмірдегі шынайы болмысын әзірге танымайды. Бойжеткен өмірлік ұстанымдары мен өзі туралы ойымен бөлісті.

45

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ақылына көркі сай бойжеткен Атырау қаласының тумасы. Медицина университетінің 3-курс студенті. “Бастапқыда 600 арудың, кейін 21 арудың ішінен суырылып шығу маған оңай болмады. Өйткені осында тұрған әрбір ару жеңіске әбден лайық. Түйсігім жеңетінімді сездірсе де, іштей күмәндандым. Бірақ қалауым күшті болып, қазір жеңісіме шексіз қуанып отырмын”, – деді бойжеткен журналистерге берген сұхбатында.

Ұлттық стильдегі байқау Астана қаласында үш рет өтті. Үш сағаттық бағдарламада арулар екі дефиле көрсетті. Біріншісіне ұлттық киіммен шықса, екіншісіне отандық дизайнерлердің ең сәнді көйлектерін киді. Байқау барысында қатысушылар би билеп, ән салып, тіпті өлең оқыған. Бәрінен де бойжеткендер үшін ақыл-парасат сынға түсетін айналым қиынға соққан. Алайда жеңімпаз атанған Әлмира Ахатова бұл сынның барлығынан сүрінбей өтті.

2

4

Ару өзі туралы адамдар төрт нәрсені білуі тиіс дейді. “Мен ұйықтап жатқан кезде мені оятудың қажеті жоқ. Мен дәмді тамақты жақсы көремін. Маған бұл сұрақты жиі қояды. Сондықтан бірден айтайын медицина университетінің 3-курс студентімін. Әшекей бұйымдардың ішінен сырғаларды қатты жақсы көремін. Олар менде өте көп”, – деген ойымен желі қолданушыларымен бөліскен-ді.

5

9

11

image

Бойжеткеннің өмірлік ұстанымы: “Сені өлтірмейтін дүниенің барлығы мықты етеді”. Мұнымен қатар, махаббат сезімінің айықпас дерт екенін айтты.

3

7

8525

Әлмира Ахатова “Бақытты болуды қалай түсінесің?» деген сұраққа “Бақыт деген ата-анаң мен жақындарыңның амандығы. Бақыт деген – өзің алаңдайтын адамның болуы. Жүрегіңе жақын адамды көре білу. Біреуді сүю. Бақыт тәтті тағам, мандарин сынды болмашы дүниелердің өзінде болуы мүмкін. Бақыт ол әркімге тиесілі дүние. Оны әркім түрліше түсінеді. Тіпті жақсы әуеннің өзі бақыт емес пе?!”, – деп ой қорытты.

19 жастағы бойжеткен “L’one feat Fidel’ Okean” , Selena Gomez – “She heart whants what it whants”, “Resonance”, “Outside”, “Guts over Fear”, “Love me Harder” сынды өлеңдерді тыңдайды екен.

Люблю больше жизни ❤️

Видео опубликовано Akhatova Almira (@akhatova01)

Аталған байқауда Әлмира Ахатова бас жүлдені иеленсе, Гүлімай Оразбек үшінші орын алып, екінші орынды Астана қаласын таныстырған Аяулым Макумова еншіледі. “Ең үздік көйлек” аталымында Жамбыл облысынан келген Майнұр Омархан жеңіске жетті.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін “Қазақ аруы-2016” байқауының жеңімпазы анықталғаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау