Қазақ әншісі өзінен 20 жас кіші келіншегі жайлы айтып берді
Таяуда отбасын құрған Сержанәлі Әлібек өзінен 20 жас кіші келіншегі жайлы сыр шертті. Әнші жұбайын Ақбота Керімбекованың тойында кезіктірген.
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Сержанәлінің жүрегін жаулаған арудың есімі – Ақбаян, Атыраудың аруы. Оқуын енді ғана бітірген бойжеткен Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде аудармашы мамандығы бойынша білім алған.
“Ақбота Керімбекованың қуанышында танысып, қуаныштың арты қуанышқа ұласып кетті. Көрген кезде-ақ болашақ жарым екенін түсініп қойдым. Жүрек ерекше дүрсілдеп, Құдай өзі білдіреді екен. Сол тойдан бастап дайындала бастадым. Екі айдай ойланып жүрді. Қыздың назы бар дейді, назданды біраз. Бірақ енді Құдайдың бұйрығы”, – деп ағынан жарылды Сержанәлі Әлібек.
Ал жастардың таныстығы жайлы Ақбота Керімбекованың өзі білмеген. Өнер иесі екі жастың қосылуына себепші болғанын кейіннен естіген.
“Біздің тойға дос баласы таныстыру үшін ертіп келген екен. Оны кейін сұрап, білдік. “Ақбаянды көрдім да, жүрегіме садақ болып қадалды. Бірден “менің жарым” деп есептедім” деп айтты. Екеуінің таныстығы сол күнге бұйырып тұрған шығар. Ең бастысы, бір-біріне деген махаббат, сыйластық. Сержанәлінің Ақбаянды алақанына салып, бақытты қылатынына сенімдімін. Өйткені Сержанәлі ақкөңіл, жүрегі таза, сабырлы жігіт”, – дейді той қонағы болған Ақбота Керімбекова.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.