"ҚазАгро" ұйымының алаяқтыққа жол бергені әшкере болды
"ҚазАгро" холдингінің еншілес компаниясы заңсыз сыйақы үшін 11 млрд теңгені банкке салған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Негізінде ол ақша шаруалардың мәселесін шешуге бағытталуы керек болған. Ауыл кәсіпкерлеріне жеңілдетілген несие ретінде таратуы керек қаражаттың қалайша басқа екінші деңгейлі банктің есепшотында тұрғаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің жүргізген тергеуінде анықталған.
"Жылда бюджетке салмақ салатын, ол аздай зейнетақы қорына қол созатын, сөйте тұра қарызға бататын "ҚазАгроға" қатысты тергеу енді ғана басталды", - сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік басшысы Алик Шпекбаев.
Бұған дейін ұлттық басқарушы холдингтің қызметіне президент те, депутаттар да шүйліккен болатын.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты