Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаза тапқандардың туыстары талап етті: Әлем тарихындағы ең жойқын теракт жайлы жаңа деректер жарияланды

Сенбіде АҚШ президенті Джо Байденнің жеке тапсырмасы бойынша Федералды тергеу бюросы (FBI) Нью-Йорктегі 2001 жылғы 11 қыркүйектегі терактілерді тергеуге қатысты материалдардың бір бөлігін жария ете бастады. Зардап шеккендердің туыстары мұны ұзақ жылдар бойы талап етіп келген болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC News сайтына сілтеме жасап.

америка теракт

Бірінші шығарылған 16 беттік файлда шабуылды ұйымдастырушылар мен кінәлілердің Сауд Арабиясы азаматтарымен байланысы туралы айтылған ақпараттар бар. Алайда Сауд Арабиясы билігінің шабуылдарға тікелей қатысы бар екендігі туралы ешқандай дәлел жоқ.

11 қыркүйек трагедиясына Эр -Риядтың қатысы бар туралы ақпарат, шабуылдарды жасаушы 19 адамның 15-і саудиялықтар екені белгілі болған кезде айтыла бастаған.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, 2500-ге жуық құрбан болғандардың отбасылары, сондай-ақ жараланған 20 мыңға жуық адам, компаниялар мен сақтандыру ұйымдары Сауд Арабиясына қарсы миллиардтаған доллар өндіру үшін сотқа жүгінген. Олар Сауд Арабиясы билігі болатын шабуылдар туралы біле тұра олардың алдын алмағанына сенімді.

Осы жылдың тамызында өткен сот процесі аясында Сауд Арабиясының бірнеше жоғары лауазымды шенеуніктері ант бойынша жауап берген. Қазіргі уақытта олар өз қызметтерін атқаруды тоқтатқан.
Сауд Арабиясы билігі бұл нұсқаны әрқашан "ақылға қонымсыз" деп атап келген.

Не белгілі болды?

Ашылған материалдардан анықталғандай, американдық арнайы қызметтер бұл кезеңде Сауд Арабиясы үкіметі мен "Әл-Каида" арасындағы байланысты дәлелдей алмаған.

Алайда тергеу нәтижелері елдің кейбір жоғары лауазымды өкілдерінің шабуылдарды ұйымдастыруда маңызды рөл атқарғандығын жоққа шығармайды.

Көпшілік назарына ұсынылған құжат үлкен өңдеуден өткен. Дереккөз атаулары әлі де құпияланған.

Олардың мәліметтеріне сүйенсек, мысалы, 2000 жылы АҚШ-қа студент болып кірген екі жанкешті – Наваф әл-Хазми мен Халид әл-Мидхар Америка Құрама Штаттарында өмір сүрген Сауд Арабиясының өкілі Омар әл-Байомимен тығыз байланыста болғаны анықталған.

Дереккөздердің хабарлауынша, әл-Байоми Лос-Анджелестегі Сауд Арабиясының консулдығына жиі барған және ол ресми түрде студент ретінде тіркелгеніне қарамастан, жоғары мәртебеге ие болған.

Федералдық тергеу бюросының материалдарына сәйкес, ол Хазми мен Мидхарға құжаттарды аудару, АҚШ-та саяхат пен тұру ақысын төлеу секілді материалдық-техникалық көмек көрсеткен.

Қалған екі жанкешті Лос-Анджелес қаласындағы ФБР мәліметі бойынша экстремизммен шектесетін өте радикалды ұйым Король Фахад мешітінің имамы Фахад ат-Тумайримен тығыз байланыста болған. Аль-Байоми мен аль-Тумайри шабуылдан бірнеше апта бұрын Америка Құрама Штаттарынан кетіп қалған.

Байденге келген қысым

Қайтыс болғандар мен жараланғандардың туыстары әрқашан тергеудің егжей-тегжейін білу құқығын талап етумен болды. Алайда Джордж Буш, Барак Обама және Дональд Трамп әкімшілігі ұлттық қауіпсіздікке сілтеп, құжаттарды құпиядан шығарудан бас тартумен келді.

Төрт жыл бойы Трамп Сауд Арабиясымен қарым-қатынасты нығайтты, бірақ қазіргі президент Джо Байден сайлау жарысы кезінде-ақ өзінің Ақ үйге келуімен барлығы өзгеретінін аңғартқан.

Ол Эр-Риядты журналист Жамал Хашоггидің қатыгез өліміне қатысы бар деп санайтынын ашық айтып сонымен бірге Сауд Арабиясын "адасқан-мемлекет" деп атады.

Ақберен Амангелді
Дүйсенбі, 13 Қыркүйек, 2021 17:02
Талқылау