Суға батқан үш оқушының өлімі: Іздеу жұмыстарының мән-жайы белгілі болды
Алматыдағы мектеп оқушыларының қазасына байланысты іздеу жұмыстарының жәй-жапсары белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы полиция департаменті 13 жастағы Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсегалиевтің өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Балалардың көз жұму себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады полиция.
Полицияның мәліметінше, Алатау ауданының полиция бөліміне түстен кейін мектепке барып, кешке оралмаған ұлдардың жоғалып кетуі туралы алғашқы ақпарат кеше кешкі сағат 9-ға дейін жеткен.
"Біріншіден, криминалдық және ювеналды полиция қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірге жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырған. Балаларды табуға барлық мүмкін көмекті «Lider.kz» еріктілер қозғалысының өкілдері көрсетті", - деп қосты полицейлер.
Алатау ауданындағы Теректі-мөлтек ауданындағы су қоймасының жағасында жоғарыда аталған кәмелетке толмағандарға тиесілі үш мектеп сөмкесі табылыпты.
"Іздестіру жұмыстарына республикалық жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері қосылды. Бүгін таңертеңгі сағат сегізге жуық уақытта балалардың денелері судан шығарылды », - делінген хабарлмада.
Балалардың өлімі туралы бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев хабарлаған еді.