Қайын жұрты күштеп алып қашқан қыздың өзіне ұрысып, жекіп тастады (видео)
Желіде қыз алып қашқан тағы бір видео тарады.
Желіде тараған видеодан аңғарғанымыз, келін түсірген үй тойды дүркіретіп атап өтіп жатыр. Қыз ешкіммен келіспей, қалғысы келмейтінін айтып бақты. Алайда оны тыңдайтын ешкім. Керісінше қызға жекіп, қыздың басына орамал тақты. Үлкендердің «Келін болмасаң, неге шығасың?» деп ұрысып жатқаны анық естіледі. Тіпті қыздың қолын бір әжей қағып жіберді.
Желі қолданушылары бұл көріністі жабайылық деп атады. Олар қызды бұлай алып қашуға, одан бөлек айқайлауға құқығы жоқ екенін айтуда.
Тағы да оқыңыз:
Бұрынғы әйелін алып қашқан ақтөбелік азамат сотталып кетті
Түркия спортшысы әлем чемпионы атанған қызға көпшілік алдында ұсыныс жасады
ШҚО-да түтінге тұншыққан бала кездейсоқ жандардың көмегімен аман қалды
Талқылау