Қайығы бұзылған теңізші мысығымен бірге 7 ай ашық мұхитта қалқып жүрген
Францияның Реюньон аралдарының жағасында поляк саяхатшысы құтқарылды. Ол 7 ай бойы Үнді мұхитында қалып қойды. Бұл туралы The Local хабарлады.
25 желтоқсанда Реюньон аралына жақын жерден яхтадағы қайық байқалған. Қайық иесі арал жағалауындағы күзетшілерге хабар береді. Сөйтіп, ашық мұхитта қалып қойған 54 жастағы ер адам мен мысық құтқарылады.
Ер адам аты-жөнін Збигнев Рекет таныстырды. Ол Польшада туған. Бірақ АҚШ-тың жасыл катасын алып, сол жаққа көшіп кеткен. 2014 жылы саяхаттау үшін қайық сатып алмақшы болып Үндістанға барды. Осыдан кейін оның шытырман оқиғасы басталады.
Рекет қайықты рөл мен мотормен жабдықтап, яхтаға айналдырып алады. Ол жұмыс істеп жүргенінде америкалық жасыл картасының мерзімі бітіп кетеді. Сондықтан, ол АҚШ-қа емес Индонезияға қарай жүзуді ойластырды.
Жолда қайық бағытын жоғалтып алды. Ренет Үнді мұхитынан Комор аралдарына жетеді. Арал Африка мен Мадагаскардың арасында орыналасқан.
Польшалық бұрын Комор аралдарында 2 жыл тұрған. Ол Кениядағы Польша елшілігімен байланыспақшы болады. Бірақ ондағылар Рекетті еліне қайтарғысы келмеген. Тек, ған 150 еуро беріп, басқа ештеңе істемеген.
20 мамырда Комор аралдарынан Оңтүстік Африканың Дурбан қаласын бетке ала ашық теңізге шыққан. Ұшы-қиыры жоқ мұхитта кеменің қозғалтқышы істен шығып, жел мен толқынның ағызған жағына қарай кете барады
«Мен кемені басқара алмайтын едім. Қуатты толқындар алдымен Сомали жағалауларына, кейін Мальдив аралдары жаққа, Индонезияға әкетті, одан кейін Маврикийге қарай тартты, ақыр соңында Реюньонға барып тірелдім. Көп мәрте Жерді көрдім, бірақ жете алмай жүрдім», – дейді теңізші.
Саяхатшының ешқандай байланыс құралдары болмаған, бұдан тыс, тек бір айға жететін жолазығы бар теңізші бағдардан адасқан соң балық аулап, жаңбыр суын ішіп күн кешуге мәжбүр болған.
Құтқарылғаннан кеін Ренет Реюньонде қалуды жөн көрді. “Мен жақсы өмір сүргім келеді. Жұмыс тауып жатсам неге осында қалмасқа?!”, – деді ол.
Реюньон Үнді мұхитында Мадагаскардан шығысқа қарай 700 шақырым жерде орналасқан. Арал Францияның шет елдік аймағы болып есептеледі.
Мұхиттың еркіне бағынған, алайда әбден қалжырап кеткен теңізші 25 желтоқсан күні құтқарылды.