65 жастағы қазақстандық зейнеткер қайтыс болғаннан кейін үш адамның өмірін құтқарып қалды

Солтүстік Қазақстан облысында қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келіскен ер адамның үш адамның өмірін сақтап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
1961 жылы туған ер адам жедел ми қан айналымының бұзылуымен көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілген. Реанимациялық шараларға қарамастан науқастың миының өлімін тіркеген. Ал түсіндіру жұмыстарынан кейін туыстары қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім берді.
“Бауыр 51 жастағы бауыр циррозымен ауыратын ер адамға трансплантатталды. Сондай-ақ диабеттік нефропатия аясында дамыған V сатыдағы созылмалы бүйрек ауруы бар пациенттерге екі бүйрек: 1986 жылы туған әйелге және 2020 жылдан бері бағдарламалық гемодиализде жүрген 1978 жылы туған ер адамға трансплантатталды”, – делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше Қазақстанда трансплантаттауды күту парағында 4,5 мыңнан астам пациент бар. Олардың едәуір бөлігі бүйрек, бауыр және жүрек трансплантаттауын қажет етеді.
“Тек өткен жылдың өзінде қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан 18 донорлық процесс жүргізіліп, өмірлік маңызды ағзаларды трансплантаттау бойынша 68 операция жасалды. Соған қарамастан, жыл сайын жүздеген пациент өз кезегіне жете алмай өмірден өтеді”, – делінген хабарламада.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?