Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мемлекет шыдамы таусылды": Казиноны жарнамалаған Қайсар Қамза мен Никонетке қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

казино Фото: Stan.kz коллаж. Блогер Никонет пен Қайсар Қамза (сол жақтан оң жаққа қарай)

Танымал экономист, сарапшы Айбар Олжай Threads парақшасында казино жарнамалаған блогерлерге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржы маманы бүгінде блогерлердің банк карталары бұғатталатынын жеткізді.

“Онлайн казиноны жарнамалағаны үшін Қайсар Қамза мен Никонет сотталуы мүмкін. Қайсар дегені тіпті әсіре құтырып кеткен. Кәдімгідей онлайн казиноға тіркелу бойынша инструкциялар жариялаған. Мемлекеттің шыдамы таусылған сияқты. Енді айыппұл мен әкімшілік жаза емес, Қылмыстық кодексті іске қоспақ. Қайсардың барлық карталары, ақшалары бұғатталады”, – деп жазды экономист.



Желі қолданушылары аудиториясы ауқымды блогерлердің ендігі тағдырын қызу талқылады.

“Никонет қандай түрмеге барады екен”, “Кешегі Қайраттың футболкаларында “1xBet-тің” логотиптері самсап тұр. Бұған не дейді екен үкімет?”, “Ештеңе демейді ол заңды лицензиясы бар букмекер. Репутация жағынан төмен әрине, адамдардың ұтқан ақшасын бермей қойған. Бірақ салық төлеп отыр, сондықтан жаппайды”, “Жарнама жасадың деп жеке адаммен алысқанша, онлайн казиноны Қазақстан аумағында ойналмайтын ету әлдеқайда тиімдірек”, “Ақбота деген блогер де үнімі жарнамалап жүреді”, “Қайсар шетелде жүрсе, депортация жасай ала ма?”, – деп жазды көпшілік.

Еске салайық, құмар ойынды жарнамалаған 34 блогердің есімі жарияланған еді.

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 28 Тамыз, 2025 14:56
Талқылау