"Қайраттың" жұлдызды қақпашысы Темірлан Анарбеков жарақатынан айығып, жаттығуға қайта қосылды
Фото:Ашық дереккөзден
Алматылық “Қайрат” футбол клубының жұлдызды қақпашыларының бірі Темірлан Анарбеков құрама сапына қайта оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
“Темірлан Анарбеков жалпы топпен бірге жаттығуға қайта кірісті”, – деп жазды “Қайрат” футбол клубы instagram парақшаларында.
Еске салсақ, Премьер-лиганың 23-турында “Қайрат” пен “Ақтөбе” арасындағы матчта, Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алған еді. Кейіннен Анарбековтың жақ сүйегі сынғаны анықталды.
Сол себепті оның орнына “Спортинг” пен “Реалға” қарсы ойында “Қайраттың” 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрза шықты.
Айта кетейік, Темірлан Анарбеков соңғы айларда бірнеше маңызды матчта “Қайраттың” қақпасын сенімді қорғап, жанкүйерлердің ерекше ықыласына бөленді.
Бұған қоса іріктеу кезеңде өз алаңымызда Шотландияның “Селтигімен” өткен ойында өте жоғарғы деңгейде ойын өрнегін көрсетті. Дәл сол ойында Анарбеков пенальти сериясында алдымен Адам Айданың соққысын қайтарса, кейін Маккованға қақпаны дәл көздеуге мүмкіндік берген жоқ. Одан кейін Маэданың добын қағып алып, “Қайратты” Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне алып шықты.

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
