“Қайраттың” жас шабуылшысына ағылшын клубы қызығушылық танытуда

Фото: instagram.com/aza_tuyakbaev87
Алматылық “Қайраттың” 18 жастағы шабуылшысы Азамат Тұяқбаевқа ағылшынның “Ковентри” клубы көз тігіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі ASnews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
УЕФА Жастар лигасында “Спортингке” қарсы өткен ойында Тұяқбаев қос гол соғып, дубль авторы атанған. Осы ойыннан кейін жас футболшыға Ұлыбританияның “Ковентри” клубы көз тігіп отыр.
Айта кетейік, биылғы маусымда Азамат Тұяқбаев Қазақстан чемпионатында да мергендігімен көзге түсіп үлгерді. Жақында ғана өткен “Қайрат” – “Жетісу” матчында ол тағы бір гол соғып, командасының жеңіске жетуіне септігін тигізді.
Ал Англияның “Ковентри” клубы қазір Чемпионшип турнирлік кестесінде 19 ұпаймен көш бастап тұр.
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
70 жастағы зейнеткердің зейнетақысы 2025 жылы 171 588 теңге болса, 2026 жылдан бастап ол 192 816 теңгеге дейін көтеріледі

