Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайраттың тапқан ақшасымен өмір сүресің": Заңғар Нұртас ағасының отбасына араласпауды өтінді

Фото: https://www.instagram.com/zangaar/

Танымал блогер Заңғар Нұртас ағасы Қайрат Нұртастың отбасына араласып, неше түрлі сөз жазатындарды сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызына жекесіне келетін хаттардың дені ағасына қатысты екенін жариялады. 

"Соңғы кездері осылай жазатын кісілердің саны көбейіп кетті. Әрине, әркімнің өз ойы, пікірі бар. Дегенмен, біреудің отбасы жайлы, ол отбасы ішінде не болып жатқанын, анық-қанығын білмей жатып былай жазғандарыңыз дұрыс деп ойламаймын. Мен де отбасымның бақытты, тату болғанын қалаймын ғой! Бірақ менің де, сіздердің де ол кісілердің отбасына араласуларыңыз орынсыз. "Екі жастың арасына есі кеткен түседі" деген қазақта әдемі сөз бар”, – деді Заңғар. 



Одан кейін ағасының табысына қатысты да әңгімеге нүкте қойды. Әке-шешесінің арқасында бай-қуатты өмір сүргендерін жасырмады. 

“Көпшілік мені "Қайрат аға, әке-шешесінің ақшасымен өмір сүреді" деп айтып жатады. Дегенмен, жігіт адамға ең жат нәрсе ез болғаны шығар. Бірінші – Алла, кейін әке-шешем мен ағамның арқасында жаман өмір көрмедік. Мені оқытып, осы күнге жеткізіп, қармақ бергендері шындық. Менің қалай күн көріп жүргенімді жақындарым біледі. Әрине, ешкімге ешнәрсе дәлелдеудің қажеті жоқ. Дегенмен, кейде сөз сүйектен өтіп, осындай пікірлеріңіз жүйкені жұқартады. Түсінікпен қарауларыңызды сұраймын. Біз енді халықтың алдында жүргеннен кейін ешкімнің аузына қақпақ бола алмаймыз. Дегенмен, менің және менің ағаларымның өсіп келе жатқан ұл-қыздарына бұл нәрсе әсерін тигізіп жатқанын ұмытпаңыздар. Бәріңіз бір-бір бала тәрбиелеп жатсыздар. Рақмет", – деді Заңғар Нұртас.

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 21 Қазан, 2025 13:05
Талқылау