“Қайраттың” “Интермен” қарсы ойынына билеттер небәрі 7 мың теңгеден сатылуда

Фото:”Қайрат” фк
Алматылық “Қайрат” футбол клубы Чемпиондар лигасының төртінші турында италиялық “Интерге” қарсы сырт алаңда ойнайды. Матч 6 қараша күні Миландағы әйгілі “Джузеппе Меацца” стадионында өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Билеттер небәрі 5 еуродан басталады. “Интер” мен “Қайрат” клубтары матч билеттерін сатылымға шығарғанын хабарлады. Ең төменгі билет бағасы бар болғаны 5 еуро, яғни шамамен 3100 теңге көлемінде.
Бұл жаңалық қазақстандық жанкүйерлер арасында үлкен таңданыс тудырды. Себебі, “Қайраттың” өз алаңындағы матчтарға билеттердің құны 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін жеткен еді.
Осыған қатысты жанкүйерлер әлеуметтік желіде әртүрлі пікір жазуда.
“250 мың теңгені ФИФА қояды деп айтқан едіңдер. Өтірік екен ғой”, “Мен 7 мың теңгеге бармаймын. Біз арзан билетке матч көрмейміз”, “Стадиондарың анау төбесі жоқ. Ақша, ақша деп билетті қымбатқа сатпай, стадиоандарыңды жөндемейсіңдер ме? Масқара!”, “Өткенде өз алаңымызда “Пафоспен” ойында ұялмай билетті қымбатқа сатып едіңдер, енді Интергк қарсы ойында билет құны небәрі 7 мың теңгеден басталады. Өз жанкүйерлеріңнен ұялмай пайда табу қандай ашкөздік?!”, — деген пікірлерді әлеуметтік желіде жанкүйерлер толассыз жазуда.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда өткен “Қайрат” – “Пафос” матчында билет бағасы 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін болған сатылған. Бұл бағаға көптеген жанкүйерлер қымбат екенін айтып, наразылық білдірді.
"Баланың тірі не өлі екені белгісіз": АҚШ азаматы бұрынғы қазақстандық әйелін баласын "ұрлады" деп айыптап, сотқа берді

