"Қайраттың" экс-ойыншысы, ресейлік футболшы Андрей Аршавин Алматыға келді

"Қайраттың" экс-ойыншысы Андрей Аршавин Алматыға келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан ресейлік футболшы Андрей Аршавиннің “Реал Мадрид” ойыншылары жатқан қонақүйдің алдында жүргенін байқауға болады.
"Реал Мадрид" командасы Алматыдағы қонақүйді түгел жалға алған
Андрей Аршавин өзінің Instagram парақшасында Орталық стадионнан, “Реал Мадридтің” бас бапкері Хаби Алонсоның баспасөз мәслихатынан жазбалар жариялады.
Фото: instagram.com/@andrey.arshavin10
Айта кетейік, ресейлік футболшы Андрей Аршавин 2016-2018 жылдары алматылық “Қайраттың” құрамында ойнаған. 2018 жылы “Қайрат” сапында футболдағы мәнсабын аяқтады.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы полициясы "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчының алдында маңызды мәлімдеме жасаған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"