"Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы қыстағы матчтарын Астанада өткізу қарастырылуда
Фото:Gettyimages
“Қайрат” футбол клубының қыстағы ойындары Астанада өтуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл жайлі клубтың бас директоры Қайрат Боранбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Алматыдағы ашық стадион қыс мезгілінде жанкүйерлер мен ойыншылар үшін қолайсыз жағдай тудыруы ықтимал. Сол себепті клуб қыстағы матчтарды жабық стадионға ауыстыру мәселесін қарастыруда.
"Біз УЕФА-ға жүгіндік. Олар бізге екі стадионға ауыстыруға құқымыз бар екенін растады. “Олимпиакос” пен “Брюгге” клубтарымен өтетін үй матчтарының қайда өтетіні туралы шешім 5 қарашада “Интермен” өтетін матчтан кейін анықталады. Яғни, әлі уақытымыз бар, ауа райын бағамдаймыз. Шыны керек, Алматыда ойнағымыз келеді — бұл біздің өз алаңымыз, ойыншылар да дайын. Бірақ, амал қанша, ауа райы жанкүйерлерге айтарлықтай қолайсыздық тудыруы мүмкін", — деді Боранбаев.
Естеріңізге салсақ, Алматыдағы стадионда “Қайрат” өз алаңында “Реал Мадридті” қабылдап, 5:0 есебімен ұтылған еді. Сонымен қатар 21 қазан күні “Пафоспен” өткен ойын тең нәтижемен аяқталды. Алматылық клуб бұл ойында 1 ұпай еншілеп, турнир кестесінде 36-орыннан, 33-орынға көтерілді.

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
