Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайратты танып, бізді жіберді": Гүлзира Айдарбекова Солтүстік Кипрде кедендік бақылаудан өте алмай қалды

Жақында үшінші мәрте ене атанып ұлын үйлендірген Гүлзира Айдарбекова шетелге демалуға кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Продюсердің бұл жолғы таңдауы – Солтүстік Кипр аралдарына түскен. 

“Солтүстік Кипр аралына Ыстамбұл қаласы арқылы ұштық. Аман-есен жетіп, орналасып алдық. Қалың болып киініп келсек бұл жақ өте ыстық екен. Әлемдегі ең таза су осы жақта екенін естіп арнайы келдік. Бір қызығы таза табиғи өнімдерді ғана тұтынатын ел екен. Таза ауа, керемет тау”, – деп аралдың табиғатымен таныстырды.

Сондай-ақ продюсер кедендік бақылауының тексерісінде біраз аялдап қалғанын айтты. 

“Жаңа бізді қатты тексерді. Бірінші рет ондай жағдай болып тұр. Бұл жақта өте қатты тексеріс болады екен. Қайда келіп қалдық деп қорқып кеттік. Бір қызығы бұл жақтағылар Қайрат Нұртасты таниды екен. Тексеруші жігіт анасы екенімді айтқанда таңғалып тұрып қалды. Құжатымызды алып қойғанда зәрем ұшты. Залда отырғандарға әншінің анасы деп мені нұсқап айтып жатқанын құлағым шалды. Сөйтіп, ұлымның арқасында кедендік бақылаудан аман-есен өттік. Қаншама адам жертөледе жандарын шүберекке түйіп отыр. Заң өте қатал. Қылмыс мүлдем жоқ. Егер сіз ақшаңыз бен құжатыңызды ұмытып кетсеңіз қанша күннен кейін барсаңыз да сол жерден таба аласыз. Ұрлық жасауға қорқатын ел”, – деп үлгі етті продюсер. 

Айта кетейік, осыған дейін танымал продюсер отбасы кенже ұлдарын үйлендіріп тойға келген қонақтардың сыймай қалғанын жазған болатынбыз.  

Талқылау