Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайратпен жағаласпаған дұрыс": Гүлзира Айдарбекова қыз ұзатып, оқырмандарынан сөз естіді

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әулетіндегі қайынсіңлісін ұзатамын деп халықтан сөз естіді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Өнер иесі әулетіндегі тойды көрсетіп, қызды сыңсу айтып, шығарып салған еді.

“Ерке қызымызды ұзату үшін арнайы көйлек тіктірдім. Оқырмандарыма ұнайды деп ойлаймын. Әр шаңырақта дүркіреген той болсын! Осыған дейін қайынбике, қайын ағаларымның біраз қызын өзім ұзаттым. Олар да “Өзің тұрғанда басқаның ұзатқаны дұрыс болмас” деген соң бас тарта алмадым. Бұл жолы өзіме өте жақын қайынсіңілімді ұзатуға лайықсың деп қолдау білдірген жандарға рақмет айтамын. Қызымыз өзім сияқты барған әулетінің батасын алып, үлкен әулетті отбасы болып, құдаларымыз 1000 жылдық болуын жазсын”, – деді продюсер. 



Желі қолданушыларының арасында “Қайратқа жолыңды бер, балаңмен жағаласпа” деген пікірге продюсер жауап берді. 

“Оның өз өмірі жеке әлемі бар ғой. Қайрат ұзатпайтын шығар. Сіз біздің әулетті басқара алмайсыз ғой. Өз әлеміңізде өз қалауыңызша жасай беріңіз”, – деп ашуланды Гүлзира Үсенқызы. 

Еске салайық, "Жерден алып, жерге тығып шаршатқан еді" деп Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасты мақтағандарға алғыс білдіргенін жазған едік. 

Талқылау