Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайратпен бірге ән шырқаған Гүлзира Айдарбекова жұртқа жақпай қалды (видео)

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртаспен бірге сахнада ән шырқады. Алайда желі қолданушылары продюсердің бұл әрекетін жақтырмай қалды, деп жазады Stan.kz.

Қайратпен бірге ән шырқаған Гүлзира Айдарбекова жұртқа жақпай қалды (видео)

Әнші Қайрат Нұртас Instagram желісіндегі парақшасында анасымен бірге ән шырқаған видеосын жариялады.

Видеода Қайрат пен анасы Гүлзира Айдарбекова сахнада «Мақтанамын» әнін шырқайды.

Өз кезегінде желі қолданушылары Қайраттың анасының сахна төрінде жиі ән шырқап жүргенін жақтырмай қалды.

 

«Отбасылық әншілер болып кетті ғой. Әр нәрсенің өз орнымен болғаны жақсы», «Бәріміз жалықтық. Бүкіл отбасына ән шырқату деген артық қой», «Не деген мақтаншақ отбасы. …Сахнаны сыйласаңдар, дәл осылай жасамас едіңдер», «Анасының даусы жоқ. Қайрат, өзің ғана айтшы», – деп сынады пікір қалдырушылар.

Оқи отырыңыз:

Құралай Нұрқаділова анасының жас кезіндегі суретін көрсетіп мақтанды (фото)

Айқын Төлепберген: Анам мені перзентхананың дәлізінде босанып қалған

Қарақат бесінші сыныпта оқитын ұлының көлік жүргізгенін көрсетіп мақтанды (видео)

Кешірім сұраңдар: 91 тобындағы Bala-ның анасы «Меломен» тобына жауап берді

Талқылау