Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайратқа жасалған қастандық": Қанат Үмбетов әншіні жақтап шықты

Қанат Үмбетов Қайрат Нұртасты жақтап шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұрсұлтан Құрманның арнасына сілтеме жасап.

Белгілі әнші Қанат Үмбетов сахналық әріптесі Қайрат Нұртастың Шымкенттің құрметті азаматы атағын алған кезде ұятқа қалғаны туралы пікір білдірді. Қасақана жасап, өнер иесін ұятқа қалдыру деген адамдықтың ең төмен сатысы деп ашынды ол. Қайратты емес, осы әрекетке барған адамдарды сынау керек дейді ол. 

"Мен оны Қайратқа жасалған қастандық деп айтатын едім. Ол кез келген әншінің басынан өтуі мүмкін. Қайраттың айтып тұрған микрофонын басқа каналдан алып, дауысын жазып алып, монтаждап қойып жіберген. Қайраттың плюспен айтып, микрофонның қосылып тұрғаны хақ. Соны істеп тұрған қазақтың жігіттерінің намысы қалай барды деп таңқаламын", - дейді Қанат Үмбетов.

Әнші Қайрат Нұртас жанды дауыста айтар болса, алдымен дайындалып алар еді дейіді. Қайраттың уақыты да көп бола бермей, ол да адам, шаршауы мүмкін деп сахналық әріптесін жақтады Қанат Үмбетов.

"Өз әншімізді, бетке ұстар азаматымызды, Шымкенттің құрметті азаматы атағын алып тұрған кезде ұятқа қалдырды. Оны істеген адам қазақ емес. Қайрат жанды дауыста айтатын болса дайындалатын еді. Қайрат та адам, шаршаған шығар. Оның графигі де оңай емес, бір күнде төрт қалада болады", - дейді Қанат Үмбетов.

Талқылау