Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Түнтеков тыңдармандарына тосын сый әзірлеп жатыр

Бірнеше жыл бұрын Қайрат Түнтековтың басы дауға қалып, істі болған-ды. Әнші, тіпті, қырық күндей түрмеде отырды. Әлі күнге дейін жәбірленуші тарапқа қарызын толық беріп үлгермеген екен. Десе де, күш жинап келген әнші тыңдармандарына ерекше тосын сый әзірлеп жүр екен.

10735276_1504762276476637_1304968026_n

Фото: instagram.com/kairat_tuntekov/

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтып берді.

Жұлдыздарды жаққан Superstar жобасының шоу-бизнес сынына шыдап, қатардан қалмағандары сахнада жүр. Алғашында бұл байқауда 16 мың өтінімнің ішінен 5563-і іріктеліп, артынша 100-і Алматыға жолдама алған болатын. Аталған жобаға 2005 жылы Ермек Меденов те қатысқан еді.

Superstar жобасының есте қаларлық бір түлегі Қайрат Түнтековтің бірнеше жыл бұрын басы дауға қалған-ды. Ол жұрт пен БАҚ өкілдері тарапынан қолдау таппаған соң, сахнадан кетуге мәжбүр болды. Әншінің өзі әлі күнге дейін журналистерге ренжіп жүргенін жасырмайды.

“Өнер жолын таңдағаныма еш өкінбеймін. Керісінше, қуанышым шексіз. Алғашында Superstar жобасына өте алмадым. Бірақ, екінші рет талаптанып барғанымда жеңіске жеттім. Еш өкініш жоқ. Жоба барысында қолымызда нашар телефон болса да, бір-бірімізге дауыс беретін едік. Ал жеке концерт беру жоспарда бар. Үнтаспа әзірлеп жатырмын. Бұйырса, Қазақстан бойынша тур ұйымдастырмақпын”, – дейді Қайрат Түнтеков.


Жіберіп алмаңыз:

“Оралман” фильмінің атауы көрермен арасында дау тудырды (фото)

Қазақстанда сақ амазонкалары туралы фильм түсіріліп жатыр (фото)

Желіде Қайрат Нұртастың отбасының суреттері пайда болды (фото, видео)

Сыйлыққа берілген күрте: Қайрат Нұртастың әрекеті жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Талқылау