Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Түнтеков: Жол апатына қатысты сот процесі әлі жалғасуда

Халықтың сүйікті әншісіне айналған Қайрат Түнтеков жол апатына ұшыраған соң сахнадан мүлдем алыстап кетті. 40 күн абақтыда отырып шықты, бірнеше жыл бойы өзі көлікпен соққан қызбен соттасты. Арада қанша жыл өтсе де, сот процессі әлі аяқталмапты.

Бұл туралы Қайрат “Хабар” арнасының “Тікелей эфир” бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Қайрат болған жайтты жүз қайталап еске түсіре бергісі келмейтінін тілге тиек етті.

“Бұл енді аяқ астынан болған жанжал. Білмейміз ғой біз, аяқ астынан келіп қалады. Сол сияқты өлім де кез келген сәтте келуі мүмкін. Мені бір Алла сақтап қалды. Түсінгенім, есімді тез жиып алдым. 5 жылға үлкейіп кеттім. Жаман істер жасамау керектігін түсіндім. Өзім бәрін ұқтым, кімнің басынан өтпейді? Кез келген адамның басында болуы мүмкін”, – дейді Қайрат.

Түнтековтің айтуынша, атышулы сот процессі алдағы бір аптаның ішінде аяқталып, өз шешімін табуы тиіс.

 Жіберіп алмаңыз:

Желідегілер Салтанат Бақаеваға үшінші перзентінің қыз болуын тіледі (фото, видео)

Қай еңбегі үшін: Қоғам белсендісі Сивиді еліміздің еңбек ері атанған тұлғалармен салыстырды

Жуырда отбасын құрған Рүстем Жүгінісов әке атануға дайындалып жүр

Айдарбекова: Дауысым жоқ болса да сахнада талай ән айттым, Жұлдызда үйреніп кетеді

Талқылау