AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Сатыбалдыұлы мен Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі тағы ұзарды

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының шешімімен Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалдыұлын күзетпен ұстау мерзімі тағы созылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"2022 жылғы 8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты", – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар ведомство дәл сол күні күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты да белгіленген қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі 1 айға созылғанын атап өтеді.

Ал 7 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Гүлмира Сатыбалдыға қатысты белгіленген қамау мерзімін 1 айға ұзартқан.

Еске сала кетсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және "Қазақтелеком" АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.



Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевқа квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі бойынша іс қозғап, уақытша ұстау изоляторына қамаған болатын.

Сондай-ақ Гүлмира Сатыбалдының үстінен 2019 жылы "Алматы қаласындағы 2017 жылғы Универсиада" нысандары құрылыс-монтаж жұмыстарының нақты орындалмаған міндеттері үшін төленген аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр