Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Сатыбалды заңсыз шетке шығарған 14 миллион доллар Біріккен Араб Әмірлігінен елге қайтарылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдының ісіне қатысты 14 миллион доллардың елге қайтарылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қайрат Сатыбалды

Агенттіктің мәліметінше Қайрат Сатыбалдыұлы және басқа да адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру аясында елден заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және өзге де мүлікті қайтару жөнінде шаралар қабылданып жатыр.

“2023 жылдың мамыр айының соңына қарай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін Бас прокуратурамен бірлесіп, Біріккен Араб Әмірліктерінен жалпы сомасы 14 млн АҚШ долларын қайтарды. Аталған қаражат мемлекет кірісіне айналдырылып, әлеуметтік мақсаттарда пайдаланылады”, – делінген хабарламада. 

Қылмыстық қудалау басталғаннан бері мемлекетке Қайрат Сатыбалды және онымен байланысты тұлғалардың құны 464 миллиард теңгеден асатын мүлкі мен қаржысы қайтарылыпты. Оларға әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді көліктер, қолма-қол ақша, акциялар мен компаниялардың үлестері, сондай-ақ теміржол кіреді.

Талқылау