Қайрат Сатыбалдының анасы Светлана Назарбаева өмірден өтті
Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдыұлының анасы Светлана Мырзахметқызы дүниеден озды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Yedilov online
Светлана Мырзахметқызы Назарбаева ұстаз болып қызмет еткен. Сондай-ақ "Дәуір" баспасының бас директоры. Ол Қайрат Сатыбалдыұлының анасы. "Дәуір" мемлекеттік сатып алулар веб-сайтындағы байқауларға үнемі қатысып, осы байқауларда ұдайы жеңіске жетеді. Тек 2022 жылдың өзінде компания 100 миллион теңгеден астам сомаға келісімшарт жасасқан. Бұл баспаның тұрақты тапсырыс берушілері – Мәдениет министрлігі, "Бөбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Тіл саясаты комитеті. Көбіне тапсырыс берушілер бәсекелестікті айналып өтіп, тікелей Дәуірге келісімшарт жібереді.
- "Шығынды толық өтеді": Қайрат Сатыбалдының жазасы жеңілдетіліп, бас бостандығын шектеуге ауыстырылды
Сонымен қатар Светлана Назарбаева – жылжымайтын мүлікті жалға берумен айналысатын "Интердизайн-АС" астаналық компаниясының иесі.
Қайрат Сатыбалдыұлы – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені.
Айта кетейік, 2023 жылдың 13 қарашасында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі – Болат Әбішұлы қайтыс болды. Болат Әбішұлы 1953 жылы 23 наурызда Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Оны халық әуелі Қазақстанның тұңғыш перзиденті – Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі деп біледі.
Бұған дейін Болат Назарбаевтың мұрасын бөлу басталғанын және оған кімдер таласатыны туралы жазған едік.

Соңғы бес жылда 1,5 миллиардқа жуық теңгеге 47 мультфильм түсіріліп, тек төртеуі экранға шыққан
