"Қайрат" – "Реал" ойынына билетке сұраныс рекорд жаңартты
Фото: fckairat.com
Алматыда өтетін "Қайрат" пен мадридтік "Реалдың" Чемпиондар лигасындағы кездесуіне жанкүйерлер тарапынан үлкен қызығушылық байқалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Клуб бас бапкері Рафаэль Уразбахтиннің сөзінше, матчқа 140 мыңға жуық өтінім түскен. Алайда Орталық стадионның сыйымдылығы небәрі 23 мың орынмен шектеледі.
Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі екінші тур ойыны 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. "Әр ойыншыға бес билеттен бөлінді. Бірақ сұраныс тым жоғары. Тіпті футболға бұрын бармағандар да осы ойынды тамашалағысы келеді. Біз өзімізге сұрақ қоямыз: жанкүйерлер "Реалды" көруге ме, әлде бізді қолдауға келе ме?" — деді Уразбахтин.
Айта кетейік, билеттер 23 қыркүйектен бастап сатылымға шығады. Жақында алматылық клубтың баспасөз қызметі билеттер құнының 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін белгіленгенін хабарлаған еді.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”