Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайрат пен Төреғали де жүр": Жандарбек Бұлғақов тойға барып, түңіліп келген сәтін есіне алды

Фото: Подкастан скриншот

Танымал айтыскер ақын, тележүргізуші Жандарбек Бұлғақов тойға барып, көңілі қалған сәтті есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі журналист Жанар Байсеміздің подкастында қонақ болды.

“Алматыда Дулати көшесінің бойындағы мейрамханада болған оқиғаны айтып берейін. Бір күні бір кісі қоңырау шалып, 40 жыл университетте ұстаздық еттім, сенің өнеріңді бағалайтын едім, тойыма келіп, менің еңбек жолымды айтып берші деді. Менің ақым осынша еді деп айтуға ыңғайсыздандым. Жағдайым онша емес еді, 200 мың теңге берсем бола ма деп өзі айтты. Үлкен кісі хабарласып тұрғаннан кейін, ұстазбын деген соң "жақсы, барайын" деп уәдемді бердім", – деп бастады әңгімесін ақын.



Қызықтың бәрі той күні басталған. Жағдайым жоқ деген той иесі бір топ әншіні алдырыпты.

"Мейрамханаға барсам, арнау айтатын кезегім келмей қойды. Бүкіл эстрада жұлдызы жүр. Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі дейсің бе... бәрінің ақысын беріп алдырған. Менің сол кезде көңілім қалды. Сонша әншінің бәрі 200 мың теңгеге келген жоқ қой. Бірақ саған 200 мың береді, өйткені сен ақынсың. Халық "ақындар ананы айтуы керек, мынаны айтуы керек" дегенді қатырады да, бағалауға келген кезде "бұл ақын емес пе?" деп төмендетеді. Ештеңе демей, 200 мың теңгемді алып кеттім", – деді Бұлғақов.

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек, 2025 11:25
Талқылау