Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қайрат” пен “Интер” арасындағы матч өткен әйгілі Сан Сиро стадионы бұзылмақ

Фото:Stadio Giuseppe Meazza ("Сан Сиро")

“Қайрат” пен “Интер” арасындағы матч өткен әйгілі Сан Сиро стадионы сүріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Күні кеше ғана Чемпиондар лигасының 4-турында “Қайрат” пен “Интер” арасындағы матч өткен әйгілі Сан-Сиро стадионы бұзылатыны белгілі болды.

Миланның қос алып клубы – “Милан” мен “Интер” – ортақ стадионның ескіргенін және қазіргі футболға қажетті жабдықтар жетіспейтінін айтуда.

“Қос клубтың мәлімдеуінше, стадион ескірген, қазіргі футболға қажетті жабдықтар жетіспейді. Бізге жаңа стадион ауадай қажет”, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Сан-Сиро стадионы 1934 және 1990 жылғы әлем чемпионаттарының бірнеше матчтарына, сондай-ақ УЕФА Чемпиондар Лигасының төрт финалына (1965, 1970, 2001, 2016) куә болған. Сондай-ақ, 1980 жылғы Еуропа чемпионатының үш шешуші ойыны да осы аренада өткен.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 06 Қараша, 2025 15:22
Талқылау