Қайрат Нұртастың Жұлдыздың жүкті екенін білгендегі реакциясы желіні жарып жатыр

Танымал актриса Жұлдыз Әбдукәрімова жолдасы Қайрат Нұртасқа былтырғы туған күнінде бесінші жүктілігі туралы айтқанын еске алып, видео жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Актриса желідегі парақшасында видео бөлісті. Кадрлардан Қайрат Нұртастың Жұлдыздың жүктілігін естігендегі реакциясын көруге болады.
Видеода жұлдызды отбасы балаларымен бірге жиналып, әншіге сыйлықтарды кезек-кезек табыстайды. Бір сәтте Қайрат Нұртасқа арнайы қорап ұсынылады. Қорапты ашқан сәтте оның ішінен сәбидің кішкентай киімі шығады. Әнші алғашында не екенін түсінбей, түсінбей “Бұл не?” деп күледі. Артынша киімнің астынан УДЗ арқылы түсірілген нәрестенің суреті көрінеді.
Өнер иесі сене алмай, таңғалып “Қойшы?” дейді де, бірден жұбайын құшақтауға ұмтылады. Қайрат Нұртас сүйінші жаңалыққа сене алмай, балаларын да құшақтап, сүйіп шығады.
“Не айтарымды білмей тұрмын. Мен үшін ең қымбат сыйлық”, – дейді әнші видеода.
Әншінің реакциясы желіде тез тарап, қазақстандықтардың сүйіспеншігілін тудырды.
“Қайраттың қуанғанына риза болып отырмын”, “Қайрат қуанғаннан терлеп кетті”, “Інісін күтіп жатқандай қатты қуанды ғой”, “Күйеуім жүктілігіме осылай қуанбаса, бала тумаймын”, “Қанша рет көрдім, керемет. Осылай ашық эмоция көрсетудің өзі тамаша ғой”, – деп жазды олар.
Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдукәрімова ата-енесіне арнап қоныстой жасағаны хабарланған еді.
Қазақстандық әуежайларға жаппай айыппұл салынды: Бұған не себеп