Қайрат Нұртастың әкесі 60 жасын дүркіретіп атап өтті
Фото: Видеодан скриншот
Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков туған күнін мейрамханада атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі 60 жасқа толды. Жары, продюсер Гүлзира Айдарбекова жүрекжарды тілегін арнады.
“Сенен кейін қалдырмай, сенің алдыңда кетуімді Алла жазсын! Саған үйленгеніме өкінген емеспін” деп ұзақ өмір сүруімді тілеп отыратын, балаларымның асқар тауы, менің арқа сүйер асыл жарым Нүрекеңнің бүгін туған күні. Алла ұзақ мәнді өмір берсін! Сіздерден де құттықтау күтеміз!, – деп жазды туған күн иесінің әйелі.
Сондай-ақ Гүлзира Айдарбекова жолдасына арнап, су жаңа әнінің тұсауын кесті.
“Қазір жұптардың бәрі бір-бірін атамай “Жан” дей салатын болған ғой. Ой, тоба! Жан-жан деп алып, ертесіне неменеге қырылып отырады деп күліп жүруші едім. “Күлме досыңа, келер басыңа” дегендей, мен де трендтен қалмайын дедім. Нүрекеме арнап ән жаздырдым. Сіздер де жандарыңызбен бірге тыңдап, бағасын беріңіздер!”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?