Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас: Жұлдызға мендей жігіт табу қайда

Қайрат Нұртас 10 жыл жасырып келген жары Жұлдызға сезімін ашық білдіріп, көп алдында мойындап жатады. Жұлдызға деген сезімі мен құрметі ерекше байқалып тұрады. Жұлдыз бен Қайрат сезімге толы тағы бір видеосын желіге жүктеді. 

Қайрат нуртас

Жұлдыз Әбдікәрімова отбасылық видеосын жариялады. Видеодан Қайрат екеуінің демалыста жүргенін көруге болады. Қайрат жарын өбектеп, бетінен сүйіп жатыр. 

"Отбасы күнімен. Қанша балаңыз болса да, қыз бен жігіттей боп жүруді жазсын", деп жазды Әбдукәрәмова.

"Көздерің сенің әп-әдемі өзіңе жарасып тұр. Болса да сұп-суық сұр. Жұлдыздар бір мен үшін жаралғандай. Жаным, әдемісің ғой сен. Бірақ мендей жігіт табу қайда?", - дейді Қайрат. 

Желідегі оқырмандары жұлдызды жұпқа тамсана қарады.

"Еркелеген қылықтарыңыз екеуіңізге жарасып тұр", "Бақытты болыңдар. Осылай қол ұстасып жүре беріңдер", "Өздеріңді өздерің мақтап жүре беріңдер", "Қайрош ең әдемі қыздың жігітісіз", "Өте жарасымды жұп бақытты болыңдар", "Сізден гөрі өзін жақсы көретіні көрініп тұр", деп жазды желідегілер. 

Талқылау