Қайрат Нұртас пен Серікбол Сайлаубек "старшактардан" қалай таяқ жегенін айтты

Қайрат Нұртас пен Серікбол Сайлаубек музыкалық колледжде оқып жүрген шағындағ қызық шақтарын айтып, елді күлдірді. Оқуға жаңа түсіп, әнші болмай тұрған бозбалалар үлкендерден талай сес көрген. 

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі "Дастархан" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Студенттің бәрінің басынан өтетін жағдайды әншілер де басынан кешіреді. Серікбол Сайлаубек пен Қайрат Нұртас бірге оқуға түсіп, "старшактардан" бірге таяқ жеген. Бүгінде ол шақтарын күліп еске алады.

"Старшактарымыз 40 адам, біз 6 адамбыз, саябақта тұрмыз. Маған ән айт деді. Тапа-тал түсте елдің көзінше қалай ән айтамын деп намыстанып, бас тарттым. Сонда жағымнан біреуі бір ұрды. Бірден "Жан құрбымнан" бастап кеттім", - деп күледі Сайлаубек. 


Гүлзира Айдарбекова: Қайрат маған "Жұлдыз, менің басымды дуалап алған" деді

Жұлдыз: Қайраттың басқа махаббаты болған, бейнебаянға сол қызды түсірмек болды


Ал, Қайрат Нұртас "анам босанып жатыр деп" сылтауратқанын айтты. 

"Біреуің дүкенге барып келіңдер деді. Сол кезде Сайлаубек әкеліңдер ақша деп қалтасына салып алып, такси ұстап қашып кетті. содан мен де амалдауым керек болды. Ішіндегі ең мейірімді дегеніне бардым. Ол Сәкен Майғазиевтің інісі Роман Майғазиев. Соған барып "менің кетуім керек, мамам босанып жатыр" деп өтірік айтқаным бар", - деді Қайрат.

"Сол сәттен бастап Қайрат "анам перзентханада жатыр еді" деп ұашы кете беретін болды", - деп әзілдеді әнші. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр