Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайрат Нұртас – халықтың адамы": Жұлдыз Әбдікәрімова қызының мектеп бітіру кешіне жалғыз өзі қатысты

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Белгілі актриса, продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова қызының мектеп бітіру кешіне жалғыз өзі қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі алдымен қызы Сезімге арнап, жазба жариялады.

“11 жыл қалайша қас-қағым сәтте өте шыққан?! Қай кезде бойжетіп үлгердің? Қашан есейіп кеткенсің?" деген ішкі сұрақтарды өзіме қойдым. Бәлкім, өзім де бірге қатар есейген шығармын?! Бұл кеш тағы бір белеске шығуға мүмкіндік берді", – деп жазды актриса. 



Алайда көпшілік қызының әкесі Қайрат Нұртасты іздеп, актрисаны сұрақтың астына алды. 

“KN әрине болды. Ол әншісіз ешқандай той, кеш өтпейді. Кешегі кеште болды. Тек ойында ғана. Қайрат – халықтың адамы. Ол жүрген жерде біз тек фон болып жүреміз. Бұл кеш – біздің қызымыздың сәті”, – деп жауап берді Жұлдыз. 

Еске салайық, Қайрат Нұртас қызының соңғы қоңырау салтанатына барғанын жазған едік. 

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 16 Маусым, 2025 11:51
Талқылау