Қайрат Нұртас: Біреуді көкірегінен итеретіндей көргенсіз емеспін
Әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін жұрт Қайрат Нұртасты жерден алып, жерге салды. Оны «жұлдыз ауруына шалдыққан» дегендер де, керісінше жақтап сөйлегендер де болды. Осы орайда сынға алған жандарға әншінің өзі жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: Shownews.kz, instagram.com/kair_n/?hl=ru
«Біреудің көкірегінен итеретіндей көргенсіз емеспін. Әр нәрсенің ақ қарасын білмей жатып, қаралаудан аулақ болыңыз. Бұл дүние де жауапсыз қалғанмен, арғы дүниеде жауабы қатты болады... Жұма қабыл болсын!» - деп жазды әнші.
Жұлдыздың оқырмандары да оның бұл сөзін қоштап, қос қолдап қолдау білдіруге тырысты.
«Сіз тамаша жансыз. Қазақстанның мақтанышысыз», «Өте дұрыс айттың», «Дұрыс! Ақ-қарасын білмей жатып кінәлаудың қажеті жоқ» деп жазды желідегілер.
Сондай-ақ, олардың дені әншінің суреттегі киімін ерекше ұнатып қалғанын байқатты.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Қайрат Нұртастың мылқау жанкүйері ұсынған костюмнен бас тартқаны туралы хабарлаған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"