Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың күзетшілері Нюшаны тыңдарманынан қорғап қалды (видео)

«Алматының түндері-ай» деп қазақ тілінде ән салған ресейлік әнші Нюшаны бүгінде қазақстандықтар да сүйіп тыңдайды. Оған бір себеп – Нюшаның еліміздегі ең танымал әншілердің бірі Қайрат Нұртаспен бірге ән салуы еді.

T7i2rPPM-yY

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ғаламторда «Концерт кезінде Қайрат Нұртастың күзетшілері Нюшаны тыңдарманның шабуылынан құтқарып қалды» атты видео пайда болған. Онда концерттердің бірінде гүл шоқтарын ала жүгірген тыңдарманның Нюшаға бас салғанын көруге болады. Тіпті белгісіз ер адам ресейлік әншінің ақ көйлегін шешіп алған. Қуанышқа орай, Нюша аман-сау.

Күзетшілер жүгіріп келгенше Нюша киімсіз қалды. Түгелдей емес, әрине. Ақ көйлегінің астынан оның келесі сахналық образы шыға келді.

«Дәл осы күймен сіздердің алдарыңызға біраздан кейін шығайын дегенмін. Сәл ертеректеу болып қалды»,- деп қалжыңдады әншінің өзі.

Болған оқиғаға қарамастан, Нюша тыңдармандарынан гүл шоқтарын қабылдауын жалғастырған. Алайда өз сөзінде ол болған жағдайдың қауіпті екендігін айтқан.

«Оқиғаның маңыздылығын түсініп тұрған шығарсыздар?! Мен, тіпті, киімсіз қалдым», – дейді ол.

Өкінішке қарай, концерттің қайда өткені белгісіз.

Жіберіп алмаңыз: 

Қайрат Нұртас Шымкентте Нюшамен қосылып ән айтты (видео)

Қайрат Нұртас пен Нюша қазақ тілінде ән салды (Видео)

Меруерт Түсіпбаева: Қайрат Нұртас киімін тегін берсе де кимеймін (видео)

Қазақстандық жұлдыздардың ресейлік достары (видео)

 

Талқылау