Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың інісі алғаш рет әке атанды

Айдарбековтер жанұясында үлкен қуаныш. Отбасының екінші атұстары Аян бүгін алғаш рет әке атанды. Нұртас және Гүлзира Айдарбековалар бесінші рет немерелі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Аян Нұртас, Әйгерім

Қуанышты хабарды күні бүгін әке атанған Аян Нұртастың өзі жеткізді.

“Жұма қабыл болсын ағайын! Аллаға мың да бір шүкіршілік еттім, бүгін ата-ана болдық. Аллаға алғысым шексіз, аман болыңыздар!” – деді Аян Нұртас.

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

 

Публикация от @ayan_nurtas01

Сәбилі болған ұлын Гүлзира Айдарбекова да желіде құттықтады. “Бес дүркін” әже әулеттеріне тағы бір қыз бала қосылғанын айтты.

“Жандарым сол! Сезімім мен Алауым сіңлілі болып, Нұрекең екеуімізге, Күндердің ұлылығы болған, қасиетті жұма күні бүгін, Алла отбасымызға періште енгізді. Қызым жоқ деуші едім, үйімнің қызғалдақтары, өрісім Жұлдызым мен Айгерімім арманыма жеткізіп жатқан жайы бар ағайын! Баршаңызға жұғысты болсын! Қуанышымда шек жоқ, Алла ұзағынан етіп, өмірі ғұмырлы, дені сау болсын!” – дейді Гүлзира Үсенқызы.

Естеріңізге сала кетейік, Аян Нұртас пен оның сүйіктісі Әйгерім былтырғы жылдың тамыз айында шаңырақ көтерген болатын. Аян болашақ жарымен мектеп қабырғасында оқып жүргенде танысқан.


Тағы оқыңыз: Әке туралы өлеңдер 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр