Қайрат Нұртастың “тозаққа баратын 10 мың теңге” туралы әңгімесі жұртты тәнті етті
Қайрат Нұртас жамағатты мұсылмандар үшін қасиетті күн саналатын жұманың келуімен құттықтап, өнегелі әңгімесімен бөлісті.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Оның 10 мың теңге туралы хикаясы көптің талқысына түсіп, қолдауына ие болды.
Қайрат парақорлық пен той-тоймалақтың ортасында жүретін 10 мың теңге мен мешітке жиі қалдырылатын 200 теңгені мысалға келтірді. Сол арқылы әнші көпшілікті сараңдықтан аулақ болуға әрі садақа беріп тұруға шақырды.
Назарларыңызға Қайрат Нұртастың әңгімесін ұсынамыз.
Желі оқырмандары Қайраттың ғибратты әңгімесіне тәнті болды. Көпшілік халыққа пайдалы дүние ұсынған әншіге алғыс айтты.
“Шындық”, “Ғанибет”, “Керемет айтылған, тамаша”, “Мағыналы”, “Астарында қаншама мән, шындық жатыр”, “Күлкілі және мағыналы”, “Күлетін ештеңесі жоқ, ащы шындық”, “Мағынасы күшті”, “Жақсы мысал екен, жұмада оқылған дұғаларымыз қабыл болсын”, – дейді олар.
Жіберіп алмаңыз:
«Қазақстан» арнасы бұдан былай үнді сериалдарын көрсетпейтін болды
Әкесінің қаза болғанын жария еткен танымал тележүргізуші көптің жүрегін елжіретті