Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түрік әнін ұрлаған: Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды (видео)

Бауыржан Рахымбековтің айтуынша, Қайрат Нұртас оның әнін рұқсатсыз орындап жүр. Бірақ Қайрат та, анасы да бұл шағымға мән бермейді. Анасы әркімге пиар жасап беруден шаршағанын айтады.

Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

“Кейде біреулерге қара пиар керек болады. Шуласып, ән менікі десе ол адамның аты шығады. Өзім естіп отырып, жағамды ұстағанмын. Біреуден: “Біз қалай пиар жасаймыз?” деп сұраса: “Ол үшін Қайратқа тиісу керек”, – депті. Халықтың Қайратты жақсы көретінін біледі. Оған қатысты нәрсеге халықтың шулайтынын біледі. Сондықтан да көбісі Қайратқа тиісіп жататыны рас”, – дейді Айдарбекова.

Бірнеше жыл бұрын Бауыржан Рахымбеков түрік әншісі Сердар Ортачтың әнін қазақ тілінде орындауға бел буған. Сөйтіп ақын Құрманай Бақтиярқызына сөз жаздырып, көпшілікке ұсынды. Алайда Бауыржанның орындауында ән хит болмады. Арада бірнеше жыл өткен соң Қайрат аталған әнге тағы да Құрманай Бақтиярқызына сөз жаздырып алған. Аталған жайт Рахымбековке ұнамаса керек-ті, ол Қайрат Нұртасты “менің әніме көз салды” деп айыптады.

“Оны білемін. Ол жағдайдың жалғасып келе жатқанына бірнеше жыл болды”, – дейді Айдарбекова.

“Бұл түріктің әні. Маған да ұнады. Кезінде Бауыржан Рахымбековке жазып бердім. Кейін Гүлзирадан ұсыныс түсті. Бұл әнді бірнеше адам айтып қойды деп оған ескерттім. Бірақ ол: “Әркімнің өз орындауы бар. Түріктің әні – ортақ ән. Көрейік”, – деді. Кейін Бауыржан Рахымбеков те Гүлзираға звондап сөйлескен. Бірақ ол: “Түріктің әні ғой. Біз де жазып көрейік”, депті. Шынында Бауыржан оны бір сазгерге апарып жаздырған жоқ”, – деп түсіндірді мәтін авторы Құрманай Бақтиярқызы.

Жіберіп алмаңыз:

Мүгедек қызға ақша беретінін айтқан Қайрат Нұртастың анасы көпшіліктің жүрегін елжіретті

Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің бизнесі тоқтап қалғаннан кейінгі қиын өмірі туралы айтып берді

Ақбота Сейітмағамбет: Біреуге тоқал бол деп айта алмаймын

Сөз беремін, мен енді өзгеремін: Төреғали халықтан кешірім сұрады

Талқылау