Қайрат Нұртастың анасы: Жаңа фильмде танымал адамдар болмайды
Жуырда Қайрат Нұртас фильмге кастинг жариялап, таланттыларды іріктеді. Алайда ол шын дарындыларды ел білетін тұлғалардан немесе кәсіби актерлерден емес, қарапайым халықтың арасынан іздеді. Оның себебін әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова түсіндіріп берді.
Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Атақты адам алмауға тырыстық. Өйткені күнде көре бергеннен кейін халыққа қызықсыз деп ойлаймын. Басқа кинолардан бүкіл атақтыны көріп жатыр ғой. 1-2 ғана болуы мүмкін. Болмайтын да шығар. Бір Қайраттың өзі де жетіп жатыр ғой», – дейді Гүлзира Үсенқызы.
Жаңа фильмнің сценарийін Рашид Сүлейменов жазған.
«Комедия түсіреміз деп ойлағанбыз. Бірақ Қайраттың табиғатына келмей кетті. Жүрекке сіңімді кино болса деген оймен өзгерттік», – деді Гүлзира Айдарбекова.
Продюсер-ана «киноға түсейінші» деп хабарласатын таныстарының бетін қайтарған.
«Таныстар көп звондайды, мен бір жерде түсіп қалайын, менің қызым, менің ұлым деп… Өкпесін білдіріп жатқандар өте көп. Бірақ осы жолы өкпелемеңіздер деп айттым. Бұрын таныстың көңілін қимаймыз деп кішкене ақсаңдап қалдық. Сондықтан енді ойнай алатын ғана жастарды аламыз. Бұл жолы шын өнерге қарасақ деген ойдамыз.
Қаражат жайлы барлығының сұрайтынын білемін, бірақ айтпаймын. Өйткені бұл туралы сөз етсем, халықтан көп сөз естимін. Ақшаны айтып мақтанасыз деп жатады. Ағымнан жарылып айтып қоямын..
Ертең Қайраттың артынан сөз ермейтіндей болса деген оймен жасап жатырмыз», – деп түйіндеді сөзін Қайрат Нұртастың анасы.
Жіберіп алмаңыз:
Екі көзі көрмейтін ресейлік қыз Қайрат Нұртаспен кездесу үшін Алматыға келді (видео)
Айсәуле Бақытбек халықтан әкесі үшін көмек сұрады