Қайрат Нұртастың анасы: “Өкініш” – түнімен жазылып таңертең түсіріле салған фильм
Әнші Қайрат Нұртастың анасы, белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова жаңа түсірілетін фильмнің түсірілім жұмыстарының көктемге қалдырылғанын мәлім етті.
Оған режиссерлердің ауа-райын фильм түсіруге қолайсыз деп табуы себеп болып отыр. Продюсер “Өкініш” фильмі шала жасалған туынды екенін мойындап, ендігі фильмге ұзақ уақыт дайындалатынын мәлім етті.
Бұл туралы продюсер 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді.
“Киноны енді бастаймыз. Күзде түсіреміз деп жоспарлағанбыз, оған режиссерлер жапырақтар түсіп, қар жауып, ауа-райында өзгерістер болады, көп қолайсыздық туады, сондықтан көктемде түсірейік дегендікен, кейінге шегерілді. «Өкініш» – түнімен жазылып, таңертең түсіріле салған кино. Ол кезде киноның не екенін білмейтін едім. Енді олай немқұрайлы қарауға болмайды. Оның үстіне Қайрат та көптеген жастарға аға болды, ол кезде бала еді. Сондықтан да көп ойланып, дұрыстап түсірсек деген ойдамыз”, – дейді Гүлзира Үсенқызы.
Сценарийін тексеріп, режиссер Рашид Нұғмановпен ақылдасып жүрген көрінеді. Кастинг жасап, актерлерді іріктеуді де бастап кеткен көрінеді.
Жіберіп алмаңыз:
Сәкен Майғазиев 10 жыл бойы Мейрамбектен жасырған сырын бөлісті
Баян Мақсатқызы: Мен өзіме ұнай бастадым
Жанат Бақыт: Арнада “крышасы мықты” адамдар ғана қалды
Қазақстандық шоу-бизнесте шағала қыздардың бары рас па?