Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың анасы: Біздің келіндерде кетіп қалу деген жоқ, кеткісі келсе біржола жібереміз

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсер Гүлзира Айдарбекова жанұясында отбасылық дәстүрлердің жоғары қойылатынын және келіндерін өзі тексеріп алатынын айтты.

Қайрат Нұртастың анасы: Біздің келіндерде кетіп қалу деген жоқ, кеткісі келсе біржола жібереміз

Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Біздің отбасымызда үйден кетіп қалу деген түсінік жоқ. Барлығымыз дәстүрді ұстаамыз және жақындарымыздың тыныштығын қалаймыз. Егер келін кетемін деп шешсе, ол біржола кетеді», – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Сонымен қатар Айдарбекова отағасының ұрыс-керісті ұнатпайтынын айтты. Сондықтан балаларынан ұрыспауларын, ұрысқан жағдайда, онысын көрсетпеуін талап етеді екен.

Сондай-ақ, Қайраттың анасы ұлдарының үйленуіне келісім берер алдында келіндерімен жеке танысып, тәрбиесін тескеріп алатынын айтты.

Оқи отырыңыз:

КТА ойыншысы Мереке «кішкентай баланың басын айналдырып алды» дегендерге жауап берді

Айым Сейтметова: Әкем экранда Баян Есентаевамен сүйіскен кезде де, анам қызғанған жоқ

Шашымды ай туғанда кесемін: Жәния Джуринская сұлулығының құпиясын ашты

Айгүл Мүкей жасы 40-тан асқанда екінші рет ана атанды

Талқылау