Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың әкесі: Құдай маған екі келінімді өз балаларымнан артық етіп берген

Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желіде отбасы туралы жиі жазба жариялап тұрады. Тіпті өнегелі қайын ата келіндерін жұрт алдында жиі мақтап, оларға қолдау білдіруден арланбайды, деп хабарлайды Stan.kz.

Отбасы туралы жиі сөз ететін Нұртас Айдарбеков желідегі кезекті жазбасында келіндерін өз баласындай көретінін жасырмады. Тіпті, қос келінін ұлдарынан артық көретінін де айтып қалды.

«Біреудің үлпілдетіп 20 жыл баққан перзенті біздің отбасымызға келіп, сіңісіп кеткеніне Аллаға мың да бір шүкір! Кеше ғана Астанадағы үйден шығып, Алматыға келіп едім, дереу сағынып отырғаным. Құдай маған екі келінімді де өзімнің балаларымнан артық етіп бергенін қарашы. Қыз ата-анаға жақын, мейірімді болады екен. Енді үшінші келінім осылардай болса, Төлеген сенде арман жоқ дегендей болар еді», – деп жазды Айдарбеков Instagram желісіндегі парақшасында.

Ал желі қолданушылары ата мен келін арасындағы әдептен аспаған қарым-қатынасқа  тәнті болып, Нұртас Айдарбековтың үлгілі әрі өнегелі қайын ата, жүрегі кең адам екенін айтып жатты.

Оқи отырыңыз:

Ерсі әрекеті үшін халқынан кешірім сұраған Төреғали «Қатемді кешіріңдер» деп ән арнады (видео)

Тимур Бекмамбетовтың фильмі Берлинде көрермендер көзайымы сыйлығына ие болды

Ермек Тұрсынов Қазақстан Кинематографияшылар одағының басшылығына тағайындалды

Бағым Мұхитденова: Мен аузымды ашатын болсам, жақсы болмайды

Талқылау