Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың әкесі анасына гаухар тасты әшекей сыйлады (фото)

Нұртас Айдарбеков өзінің сүйікті жұбайы Гүлзира Айдарбекованы 8-наурыз мерекесімен құттықтау үшін арнайы Астанадан Алматыға келген.

айдарбековы 100317

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

Алматыға келісімен Нұртас Айдарбеков гүл сататын дүкенге жол тартты. Артынша алдын ала дайындап қойған сыйлығы мен гүлін алып, жұбайына асықты.

Есіктен қарсы алған Гүлзира Үсенқызына Нұртас Айдарбеков гаухар тасты сырға мен жүзік сыйлап қуантты.

бриллиант гулзира

Фото: Скриншот “Ел аузында” бағдарламасынан

Ал оның басқа қаладан келетінін күтпеген Гүлзира Айдарбекова:

“Өзімді кезінде 1000 доллар қалың мал беріп алған еді, мынау одан қымбат сияқты ғой”, – деп қалжыңдады.

Айдарбекованың айтуынша, мерекелік концерттерге байланысты олар көктемнің алғашқы мерекесін бірге өткізбейді. Сондықтан да бұл кездесуге ол ерекше ықыласпен дайындалған.

Қолдан нан пісіріп, етін асып, түрлі тағамдар әзірлеген.

“Нұртас келген кезде ылғи дайндалып, түрлі салатымызды әзірлеп, нан, бауырсақ пісіріп қоямын, көбінесе ет асып, қуырдақ даярлаймын. Астанаға барған кезде Нұртас ағаларың сүрленген ет астырып, үйдің бәрін тазалаттырып, жаз болса есіктің алдына дейін тазалатып күтіп алады”, – деп ағынан жарылды ол.

Айтпақшы, бұл күні Қайрат Нұртастың өзі де анасына қымбат әшекей бұйым сыйлаған.

кайрат нуртас ашекей

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайберген Singer-дің 9-кезеңде екінші орын алды (фото)

Димаш қазақтың «Дайдидау» әнін Азия әндері рейтингіне енгізді

Бұған дейін кінәсін мойындаған Тұңғышбай Жаманқұлов енді сөзінен бас тартты

Ақбота Керімбекова тұрмысқа шықты (фото)

Талқылау