Қайрат Нұртастың 13 жасындағы сұхбаты (видео)
Әнші Қайрат Нұртастың анасы ұлының 13 жасындағы сұхбатын жеке парақшасы арқылы бөлісті. Онда қазіргі белгілі әнші балаларға арналған бағдарлама қонағы болып отыр.
тілші қыз оған ” Махаббат жайлы ән орындауға ерте емес пе?” деген сауал қояды. Сонда Қайрат Нұртас “Осындай жаста бабаларымыз ел басқарып, отау иесі болған” деп жауап беріпті. Әншінің анасы бала Қайраттың сол кездегі жағдайын қазіргі депутаттыққа үміткерлігіне байланысты айтылып жүрген сындармен байланыстырған.
Бұл Қайрат Нұртастың алғаш рет үлкен сахнада орындаған “Ана” туралы әні. Ол кезде 8 жаста болған.
Талқылау