Қайрат Нұртас жұбайы рөл сомдайтын фильмдерді тек өзі түсіретін болады
Қайраттың жары ел алдына шыққалы бері бойындағы өнері жаңа қырынан таныла бастады. Алдымен әнші Қайраттың әр аймақта өткен кештерін жүргізді. Кейін жарымен дуэт орындады. Ақтөбе қаласында ұйымдастырылған ән кешінде Жұлдыздың Қайратпен айтқан әнін тыңдаған халық аң-таң қалды.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Бұдан өзге Жұлдыз түрлі киімдерді жарнамалап жүр. Яғни, өзін модель ретінде де сынап көруде.
Қайрат он жыл бойы жасырған жарын елдің алдына жайдан-жай шығара салмады. Хит әнші 350 мың долларға таспалаған екінші «Арман» атты киносында Жұлдызға анау-мынау емес, басты рөл бұйырған. Бірақ, басты рөлді абыроймен алып шығу Қайраттың жарына оңайға соқпапты.
«Арман» фильмінде драма да, экшн де бар. Сценарийі күрделі. Дегенмен, Жұлдыздың шебер ойнауының арқасында фильм сәтті шықты дейді Қайрат. Тіпті, осыдан кейін әншінің жарына деген сұраныс та артқан. Еліміздің танымал деген кинорежисерлері Қайраттың өзіне хабарласып Жұлдызды актриса ретінде көргісі келетіндерін айтыпты. Алайда, Қайрат бұған көне алмайды.
«Киноға ұсыныстар келді. Бірақ, мен оны жібермедім. Себебі, мен ғана түсіремін оған кино. Өйткені, ол менің жарым. Басқа актерге қарап, бірге махаббат рөлін ойнағанын мен қаламаймын», – дейді әнші Қайрат Нұртас.
Сонымен қатар Қайрат Нұртас жары рөл сомдайтын фильмдерді тек өзі түсірмек екен.
«Үйге бір Жұлдыз жетеді. Мен Жұлдызды «жұлдыз» болсын деп шығарған жоқпын. Жұлдыздың киносын түсіріп беремін. Жұлдыз актриса ғой, әр адамның арманы бар», – дейді әнші.
Соңғы кезде Қайрат жүрген жерінде жарына деген сезімін ашық білдіріп жүр.
«Мен оны қатты сүйемін. Одан артық керек емес», – деп мойындады әнші.
Оқи отырыңыз:
Өмірім қайта айналып келсе, сол қызға үйленер едім: Тәуекел Мүслім жан сырын айтты (видео)
Жақсылық Үшкемпіров пен Нұрсұлтан Назарбаев күш сынасты (видео)
Алты тіл білетін Әйгерім елбасының шақыруымен Италиядан елге оралады
Бауыржан Момышұлы: Мен де екі жыл жер тепкілеп, ефрейтордан таяқ жеген солдаттың бірі болдым