Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас сал ауруына шалдыққан бүлдіршіннің арманын орындады (фото)

Желі оқырмандары өнер жұлдыздарын “бай-бақуатты болса да, қайырымдылықпен айналыспайды” деп жиі айыптайды. Алайда шын мәнінде олай емес. Өнерде жүрген әнші-әртістер жақсылық жасаудан қашқан емес. Тек оны жариялай бермейді. Күні кеше Қайрат Нұртас сал ауруына шалдыққан тыңдарманымен кездесіп, бүлдіршіннің арманын орындады, деп хабарлайды Stan.kz.

Тағдыр тауқыметін жастай тартқан жеткіншектің жасы небәрі 12-де. Отбасымен бірге Астанада тұрады. Өзі Қайрат Нұртастың адал жанкүйері. 4 жылдан бері сүйікті әншісін бір көруді армандап келіпті. Жаңа жыл қарсаңында хитмен әнші бүлдіршіннің үйінде қонақта болып, арманын орындады.

“Бүгін ең бақытты күн. Қайрат Нұртас бізде қонақта болды, менің қызымның арманы орындалды. Қайрат ести салысымен келді. Осы кездесуді ұйымдастырған жандарға мың алғыс. Асхат Ораловқа рақмет! Көмек қолын созған барша жанға ризашылығымызды білдіреміз. Ең бастысы, Қайратқа көп рақмет! Нағыз Жаңа жылдық сый жасадыңыз”, – деп бөлісті қыздың анасы Ақмарал Блялова Facebook-те. 

12 жастағы жеткіншек Қайраттан бөлек, Қарақат Әбілдинамен кездесуді армандайды екен.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Төреғалидың әкесі журналисті балағаттап, камерасын сындыра жаздады

Талай қыздың жүрегін жаулаған отандық әнші әке атанды

Төреғалидың жағдайына байланысты Нұрқаділовтің қазасын мысал еткен Жүнісова ұятқа қалды

Әуелбекова мен Болманов Төреғалиді жақтап сөйледі

 

Талқылау