Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас пен Ернар Айдарды салыстырған бүлдіршін жұртты күлдірді

Қазақстандық әншілерді өзара салыстырып, оларға қолымен баға берген бүлдіршін жұртты күлкіге қарық қылды.

авуыы

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мейрамбек Беспаев пен Сәкен Майғазиев кішкене бүлдіршінді ортаға алып әншілер туралы пікірін сұрай бастайды. Бүлдіршін Ернар Айдар, Қайрат Нұртас сынды әншілерді қалай бағалайтынын ым-ишарамен көрсетіп, жұртты күлкіге қарық қылды. Аталған видеоны Гүлзира Айдарбекова өзінің парақшасында бөлісіп, мұны Ернар Айдар мен Төреғали Төреәліні кемсіту мақсатында жасамағанын түсіндірді.

“Жетісайлық Әмір – Қайраттың ең кішкентай жанкүйері. Бұл видеоны әншілерімізді кемсіту мақсатында бөлісіп отырған жоқпын. Әр адамның өзінің жанкүйері бар екенін айтқым келеді. Біреуіне Ернар, екіншісіне Төрешіміз ұнайтыны анық. Ал мына видеодағы бүлдіршін тек Қайрат Нұртастың әнімен ұйықтайды екен. Бір күні оны әке-шешесі Қайрат жүрген тойға алып келді. Оның ұлыма қалай қадалып қарағанын көрсеңіз. “Теледидардағы адам қалай тіріліп кетті екен?” дегендей тапжылмай тұрды. Ал анасы оны осы сәтте видеоға түсіріп алған болатын”, – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Желі қолданушылары да бүлдіршіннің әрекетіне риза болғандарын жазып жатты. Қайраттың ғана әнімен ұйықтайтын басқа да ұл-қыздар бар екен. “Тәтті балақай тіл-көзден аман болсын”, “Бұл жерде ешкім ешкімді салыстырып жатқан жоқ. Тек әңгіме кімнің қалай ән айтатынында болып жатыр”, “Алла өзін тіл-көзден сақтасын”, “Бастапқыда Мейрамбектің ұлы екен деп ойлап қалдым. Бірақ, олай емес сияқты”, “Гүлзира ханым, өзіңіз айтқан видеосы болса, бөлісіңізші” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Сиви: Әйелдің басты міндеті – ерінің “билігін” мойындау

Баян Есентаева шпагатқа қалай отыру керектігін көрсетті (фото)

Беделханның келіншегі өзінің жүкті екенін ерекше жолмен хабарлады

Кенжебек Жанәбілов жалғыз ұлының дерті жайлы айтып, жұртты жылатты

Талқылау