Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас өзі киіп үлгермеген костюмін жанкүйеріне бере салды (видео)

Қайрат Нұртас жанкүйерлеріне жеке заттарын сыйға тартуды әлдеқашан әдетке айналдырған. Ол барған жеріне костюмін тастап кетпесе, жүре алмайды. Себебі әнші осылайша өзін қолпаштап, көтермелеген халыққа разылығын білдіріп, бір міндетінен құтылғандай сезінеді екен.

кайрат нуртас 260617

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Өз кезегінде Қайраттың костюміне ие болғандар арасында оны естелік үшін сақтап қоятындар да, сол арқылы пайдаға кенеліп жатқандар да бар. Қайраттың айтуынша, тіпті, бір жанкүйері оның киімін сатып, көлік сатып алыпты.

Жуырда әнші Жамбыл облысының Шу өңірінде концерт беріп қайтты. Шулықтар Қайратты қатты сағынса керек-ті, оны үлкен қошеметпен қарсы алды. Қайратты былай қойғанда, анасының өзін жан-жақтан тартып, суретке түсуге асықты. Оны көрген Гүлзира Айдарбекова көптен бері Қайратпен бірге ел араламағанын, сол мезетте халықты сағынғанын түсінгенін айтты.

Ал концерт барысында Қайрат әдеттегідей сахналық костюмін бір жанкүйеріне сыйлады. Бір қызығы, Swarovski тастарымен көмкерілген қымбат костюмді Қайраттың өзі әлі бірде бір кимепті.

“Иә, анда-санда xалықпен әзілдесіп, көңілдерін көтеріп қойған да артық емес екен. Осы концертке арнайы тігіп әрең үлгеріп едік, өзі киюге үлгермесе де бір жанның көңілін көтеріп кетті. “Жарайсың, өркенің өссін!” – деген деген сөздің өзі бізге жеткілікті болды”, – деп жазды концерт сәтінен видео бөліскен Гүлзира Үсенқызы.

Жіберіп алмаңыз:

Бурак Озчивит пен Фахрие Эвджен екінші рет бал айына аттанды (фото)

Ернар Айдар шаңырақ көтерді

Қарақат Әбілдина сиыр сауып, самаурын жаққан күндері туралы айтты

Бір топ павлодарлық бүлдіршіндер Ерке Есмаханмен бірге ән салды (видео)

Талқылау