Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір топ павлодарлық бүлдіршіндер Ерке Есмаханмен бірге ән салды (видео)

“Қайда?” әні жарыққа шыққалы Ерке Есмаханға тыным жоқ. Әншінің қолы той-томалақ пен гастрөлден босамайды. Мәселен, бір күн бұрын ғана Қызылордада тойда жүрген әнші кеше еліміздің солтүстік өңірінде концерт берді.

ерке 250817

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Павлодарда өткен концертте бір топ бүлдіршіндер Еркемен бірге сахнада тұрып, ән айтты.

“Раxмет, Кереку! Бүлдіршіндеріміз аман болсын! “Ата-аналарына балаларыңыз инстаграмға шығады”, – деп уәде беріп қойған едім! Бүгін концертте болғандарға дұғай сәлем!” – деп жазды Ерке желідегі парақшасында.

Өз кезегінде желі оқырмандарының бір тобы балақайларды разы еткен Еркенің қарапайымдылығына тәнті болса, екіншілері “мақтаншақ” деп сынап жатты.

“Өнеріңіз өрге бассын”, “Жаным, менің балапаным Еркемен бірге ән айтып тұр”, “Ай, Ерке жарайсың, Ырғыздың мақтанышы”, “Ой, мақтаншақ”, “Рахмет саған Ерке”, – деп жазды желідегілер.

Жіберіп алмаңыз:

Продюсер Алтынбек Рахметов қызын ұзатты (фото)

Әнші Заттыбек ауылдастарна Намазхана салып берді

Марат Омаровтың екінші әйелі отбасында бақытты болудың сырын ашты

“Қайда?” әнінің қырғызша нұсқасы пайда болды (видео)

Талқылау