Әнші Заттыбек ауылдастарна Намазхана салып берді

Әнші Заттыбек ауылдастарына арнап Намазхана салып берген. Онда тұрғындар молдалардан уағыз тыңдап, мұсылмандық сауатын арттырып жүрген көрінеді,-деп жазды Stan.kz тілшісі.

зат

Әншінің жұрттан жасырып жасаған  сауапты ісін желі қолданушысы тұрғындардан естіген. Шымкент халқы оның жақсылығына алғыстары шексіз екенін де жасырмаған.

зат1

«Шымқалаға жол түсіп, əпкемнің үйіне сəлем беріп шықтым. Кеш қарая сол маңда тұратын кəрі-жас мына намазханаға келіп жатты. Əпкем: “береке тапқыр Заттыбектің салып қойғаны ғой… Жары да Құдай сүйген адам.

Жездең де, бала-шаға да осы жерге барып намазын оқып, молдалардан, үлкендерден мағыналы сөз тыңдап қайтуды əдет қылды” деді. “Ееее, Зəкеңнің үйі ме? Бір кіріп-шығамын деуші ем, көріп қоймай тұрғанда қашайын” деп күлдім. Сосын мынадай сауапты ісіне сүйсініп, сыртынан сүгіретке түсіріп алдым.

Ақшасы бар жұрттың көбі мешіт салушы еді, жарысып… (ол да дұрыс шығар!) Ал, Заттыбек Буленов  ағаның миына намазхана салу қайдан келген?! Зəке, Аллаға деген осы пейіліңізге, осы құрметіңізге қос-қостан перзент беріп, изгілік жолына деп салған құттыханаңызда балаларыңыз сыймай жүрсін, лайым.

Көңілім толқып кетті, мына ісіңізге қарап. Құдайға деген құлшылықты дабырлап, жарияға жар салмай-ақ жасауға болады екен ғой…»,-деп жазды желідегі парақшасына журналис  Әлия Құдайбергенова.

Оқи отырыңыз:

Әке тәрбиесі туралы сөз еткен Бүркіт көптің жүрегін елжіретті

Есентаева мен Жорабаева Димаштың суреті бейнеленген ұшаққа қатысты пікір білдірді

Әнші Серікбол Сайлаубек анасының 60 жылдығын дүркіретіп өкізді (фото)

«Шектен шықтыңыздар»: Ninety one әншісінің ата-анасы Сәкен мен Мейрамбекке ашық хат жазды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар