Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат Әбілдина сиыр сауып, самаурын жаққан күндері туралы айтты

3 ай бұрын қызды болған Қарақат Әбілдина сиыр сауып, самаурын жаққан, жүн сабап, киіз илеген күндерін еске алды. Әнші балалық шаққа саяхат жасап, естелігімен бөлісті.

21040914_265520560606370_3095677745372332032_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Ауылым ақ бесігім тербетілген,
Таппаспын саған теңеу жер бетінен
Шынарға шыңға шыққан ұқсасамда,
Сенде туып, сенде өсіп, ер жетіп ем… Иә, ауылдың тәрбиесі мені көп нәрсеге үйретті. Бала кезімнен үй тіршілігіне араласып өстім. Сиыр сауып, қаймақ тартып, май шайқап, құрт жайып, самаурын жағып тыным таппаушы едік. Қолымнан келеді келмейді, ердің жұмысы, әйелдің жұмысы деп бөлмейтінбіз. Білегімізді сыбанып жіберіп қый ойып, тезек теріп, қой қырқатынбыз, жүн сабап, анамызбен жағаласып ұршық иіріп, киіз илеуші едік. Қазір ойлап отырсам керемет, ұмытылмайтын кездер екен ғой”, – деп жазды Қарақат желідегі парақшасында.

Өз кезегінде желідегі оқырмандар Қарақатқа “нағыз қазақтың аруы” деп баға беріп, суреттегі образына тәнті болғандарын жеткізді. “Өзгелер де Қарақаттан үлгі алса екен” деген тілек көп жазылды.

“Неткен сұлу, неткен көркем”, “Сол ауылдан шыққанды ұмытпау керек, кейбіреулер көкіректі кереді”, “Керемет нағыз шынайы, қазақи дəстүрімізге тəн келіннің ақ түтінді бұрқыратып шай қайнатып жатқан, ауыл келбетін еске түсірдіңіз. Рахмет сізге”, – деп жазды оқырмандар.

Алайда әншінің бұл қылығын жасандылыққа балағандар да табылды.

Жіберіп алмаңыз:

Бір топ павлодарлық бүлдіршіндер Ерке Есмаханмен бірге ән салды (видео)

Продюсер Алтынбек Рахметов қызын ұзатты (фото)

Тамара Асар: Бір аяғымнан айырылсам да, өмірге деген құштарлығымнан айырылғаным жоқ

Мирас пен Құралай ерекше бизнес түрімен айналыса бастады

Талқылау